вторник, 10 ноября 2009 г.


Медиа Мектеп түлектері

Медиа-Мектепке кезекті, мерейтойлы 10 топтың қабылдануының аясында MediaNet Халықаралық журналистика орталығы мен Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қор негізгі топ, қазақ және орыстілді бөлімдеріндегі арнайы курстың студенттері мен бітірушілеріне арнап шәкіртақы тағайындады.
2 айлық мерзімді шәкіртақы ең үздік журналисттік зерттеудің, мақалалар немесе телерепортаждар топтамасының жобасын дайындаған 10 студентке беріледі. Шәкіртақы сомасы айына 30 000 теңгені құрайды. Келесі 2 айдың ішінде студенттер өз жобаларымен жұмыс жасайтын болады. Комиссия алдында қорғау 2 қарашада өткен болатын. 7-8ші қараша күндері жобаға қатысқан түлектерге Алматыдағы Алатау санаториінде екі күндік тренинг-сабақ болып өтті. Болашақ журналистерге MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Вячеслав Абрамов, Қазақстандағы IWPR өкілдігінің директоры Ольга Досыбиева, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директорының орынбасары Игорь Братцев сынды кәсіби тренерлер дәріс өткізді. Аталған тренингте дәріс берушілер журналистиканың қыр-сыры жайлы құнды ақпараттар мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Әлия Мусина мен Қазақстан мен Орта Азия бойынша Қордың аймақтық өкілі Др. Грегор Риссель тренинг тыңдаушыларға сәттілік тілеп, жоба жеңімпаздарына арнайы сертификат табыстады. Тренингке қатысушылар алдағы уақытта да осындай игі бастамалардың жиі болып тұруын сұрап, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Бір әттегенайы дәрістің тек ресми тілде өткендігі болды.
Медиа мектеп – MediaNet Халықаралық журналистика орталығының жанынан құрылған, Қазақстандағы тәуелсіз, жалғыз болашақ журналистерді дайындайтын коммерциялық емес мекеме. Аталған мектеп 2005 жылдың 16 ақпаннан бастап Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен жемісті жұмыс жасап келеді.




Конрад Аденауэр атындағы Қордың өкілдері Ә.Мусина мен Др. Грегор Риссель

четверг, 5 ноября 2009 г.

воскресенье, 1 ноября 2009 г.

Автокөлікте Майкл Джексонның бейнесі көрінген...


Екі баланың әкесі Слоггетт атты адам таңертеңгісін оянып машинасына барып қарағанда қызық бір оқиғаның куәсі болды.
Автокөлігін сату үшін, журналға беруге түсірілген суретті компьютерге үлкейтіп көрген кезде жүрегі жиі-жиі соға бастаған. Бір қызығы, машинаның капотының үстінде әйгілі Майкл Джексонның суреті бейнеленген. Бұл оқиға Майкл Джексонның өлімінен 13 сағат кейін болған.
The Sun газетінің хабарлауынша әлгі суреттер бірнеше кісілерге көрсетілген. Олардың барлығы да Майкл Джексонның бейнесі екенін растап отыр. Сурет иесі де болған жағдайдан қатты қорқып қалса керек.
Шынында да, егер суретке ұзақ және мұқият зер салып қарайтын болсаңыз Джексонның бейнесі екенін байқайсыз.

35 жыл жуынбаған адам


Үндістандық Кайлаш Сиң деген кісі 35 жыл бойы ешбір жуынбаған. Неліктен...
Үндістандағы киелі қала Варанаси жанындағы Чатав ауылында тұратын 63 жастағы Кайлаш Сиң өміріне риза емес көрінеді. Тұяғын жалғастырар бір ұлдың болуын аңсаған Кайлаш Сиңнің 7 қызы бар екен. Осы себептен Тәңіріден сый күткен әке 35 жыл бойына еш жуынбапты.
Егер ер адам жуынбаса ұлды болады екен. Бұл сөзді Кайлаш Сиңге бір көріпкел, болжауыш адам айтқан. Сиң 35 жыл бойы жуынбастан әлі күнге сабырмен күтіп келеді.
Үндістан газеті Hindustan Timesтын хабарлауынша Сиң бактериялар мен микроптардан қорғану үшін кешкісін үйінде от жағып, денесін отқа қақтап, қыздырынады екен.
Аталмыш газеттің жазуынша, алғашында Сиң үндістер үшін қасиетті саналатын Ганг озеніне шомылып тұрған. Бірақ 5жылдан бері бір үйде тұрған ағасы қайтыс болғаннан кейін, көлге түсуден бас тартқан. Сиң жеміс-жидек сататын шағын дүкенін де жабуға мәжүр болыпты. Себебі үстінен өте қатты жағымсыз иіс шығатын болғандықтан, базардағы адамдар сауда жасамақ түгіл онымен сөйлесуден де бас тартқан екен...

Бергүзар Гөкче Корел


Қазақстан ұлттық арнасында қазір «Мың бір түн» телетоптамасы жүріп жатқаны белгілі. Басты рөлді сомдаған Бергүзар Гөкче Корел (Шеһризат) туралы оқырмандарға қысқаша мәлімет бере кетуді жөн көрдік.
Бергүзар Корел – 1982 жылдың 2-ші қыркүйегінде өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі Танжи Корел мен анасы Хулия Дарджан Түркиядағы беделді әрі атақты актерлер. Бергүзардың өнерді таңдауына ата-анасының ықпалы әсер еткен. Бергүзар орта білімді тәмамдап, Мимар Синай атындағы университеттің «театр» бөлімін бітірген. Университет қабырғасында оқып жүргенде-ақ алғашқы тәжірибесін «Сиқырлы кілт» киноагенттігінде бастаған жас актрисаны ата-анасы да жан-жақты қолдап отырған. Көзі қарақты көрерменге белгілі «Үлкен өтірік» телетоптамасында Рүксан ханым рөлін сомдаған актриса Хуля Даржан Бергүзардын өмірдегі анасы. 2005 жылы «Зәйтүн талы» оның алғашқы ойнаған серилы. Режиссер Құдірет Сабанжының «Мың бір түн» телесериалында Халит Ергенчпен бірге түсіп, ондағы кейіпкер ШеҺризаттын ролін өте сәтті сомдап шыққан еңбегімен біздің Қазақстандық көрермендерге де етене танымал. Бергүзардын мұнымен қатар жүргізушілік қабілеті де жоқ емес. Бергүзар Корел: «Шеһризат рөлі мені сабырлы, салқынқанды етіп көрсетті. Ал шын мәнінде мен өте әзілқой адаммын» дейді. Бір қызығы сериалдағы қос ғашықтар Шеһризат пен Онур Аксал шынайы өмірде де жұптары жазылмас жандар болып шықты. Түсірілімнін соңы үлкен махаббатқа ұласқан Бергүзар Корел мен Халит Ергенч 7-ші тамыз күні Станбулда некелесу тойларын жасады. Жарасымды жұптар өткен өмірлерінде басқа некеде болған. Халит Ергенчтің алдыңғы некедегі әйелі Гизем Сойсал араларындағы байланысты біліп қойған соң ішіндегі нәрестесін жасанды түсік жасатып алдыртқан көрінеді.Бергүзар да американдық түрік жігітпен некеде болған. Сериалдағы Банудың(Джейда Девенчи) үйлену тойынан кейін өзара қарым-қатынастарын жасыруды қаламаған ғашықтар некелесу тойларын 7тамызда өткізетіндіктерін жариялаған. Бүгінде сүйіктісінің аяғы ауыр екенін Халит Ергенч зор қуанышпен жеткізді. Ия, Бергүзардын ішіндегі нәрестесі бес жарым айлық екен. Жас жұбайлар өздерін өте бақытты сезінеді.

Туған тілім туралы толғам

Туған тілім туралы толғам


Тіл тоқырауға түсті...
Талайдан тіліміз талапайға, тағдырдың тәлкегіне түсті. Тіліміздің төмен тағдыры тәнімді тілгілейді. Тілімізді түсінігі төмен, таяздар, табанға таптап, талқандамақшы. Тілімді «тағы тілдер» тықсырып, толқынға тастап, торға түсірді. Тамыры тереңге тараған тілімді төбелеп, таяқтаса да , тұғырымнан түспейді, түспес те, түсірмейміз де ...
Тарихтан толғап, түсіндірсек «тағы тілдерді» талайдан тарықтырмадық, төрімізге теліп, тақиямызды табыстадық. «Тағы тілдер» төрімізден табалдырыққа теуіп, тақиямызды таптады, тілсіздендіріп, тәуелдендірді...
Тәңірім, тілімді танып, «тағы тілдің» тынысы тарылды, тәуелділік тәмамдалды. Тәуелсіздік туы тербеледі... Тфә-тфә, тілім тасқа. Тіліме тиіскендер тозақ тағдырын тартсын!
Тәңірім, тілімді тағы тоқырауға түсірмесінші. Тілімнің тағдыры түзу, тамыры тереңге таралсын!

Тіл туралы толғанған: Ташматова Жазира

Джим Ронның бағалы ойлары мен асыл сөздері

Джим Ронның бағалы ойлары мен асыл сөздері
Американың бизнестегі жетекші философы

Джим Ронның адамның өзін іскерлік қабілеті мен жеке басының қасиеттерін өзгертудің, дамытудың негізгі шарттарымен шұғылданғанына 30 жылдан астам уақыт болды.
Джим Рон басқа адамдарды оқыту мен жігерлендірудің өзіндік эталоны. Ол қарапайым нәрселердің өзінен, осылардың өзара қарым-қатынастырынан асыл маржан таба білетін қабілетімен ерекшеленеді. Оны тыңдаған немесе кітаптарын оқыған адамның арманы асқақтап ерекше күйге бөленеді.
Бизнес саласында бірнеше кәсіпорындардың басшысы болып – өзі молшылыққа кенеліп және өзінің жеке басы туралы тамаша пікірді қалыптастырды. Джим Рон өзінің жасампаз қабілетін халықаралық дәрежеде – бизнесменнің жеке басының дамуы мен басқаруын жетілдіру, семинарлар мен сатуға бағытталған оқу жүйесін жолға қойған көп салалы «Jim Ronh International» корпорациясына шоғырландырды.
Қазіргі таңда 5000 астам рет 3 миллион адамдардың алдында сөз сөйлеп лекциялар оқыды.
Ол Еуропада, Азияда, Австарлияда, Африкада және Солтүстік Америкада өзінің семинарлары мен жұмыс кездесулерін өткізді.
Джим Рон американың Ұлттық шешендік (оратор) ассоциясының мүшесі (National Speakers Associations), 1985 жылы, майын тамызып сөйлейтін шешендігі үшін бағалы CPAE силығымен марапатталған.

Жеке даналық ( философия)
Сіздің ақша жайыңызды айқындайтын экономика емес; шешуші жағдай – өзіңіздің өмірге көзқарасыңыз (философияңыз).

Біреудің жоспарын көшіріп алмаңыз. Өзіңіздің даналығыңызды (философия) дамытыңыз, ол сізді жаңалық пен ерекшелікке жетелейді.

Егер сіз желкенді дұрыс кере алсаңыз, онда оған соққан жел, әрқашанда армандап жүрген кірісіңізге жақындатып – рухыңыз, жаныңыз, әмияныңыз ойлағаныңыздай болады.

Даналық ілім (философия) өзіңіздің нені бағалы деп есептейтініңіздің және нені білетініңіздің жалпы жиынтығы.

Кедейшілік сіз: «Аз істеп, көп алсам» деген сәттен басталады.

Егер қателігімді түзеймін десеңіз, онда көзқарасыңызды өзгертуден бастаңыз.

Ең жаман бірақ нәрсе бар, соңғы 90 күнде кітапты қолға алып оқымауыңыз және еш нәрсе болмады деп ойлауыңыз.

Сіздің жеке даналық іліміңіз (философия) – тағдырыңыздың қалыптасуының шешуші кілті.

Адамның берген жауабы, іс-қимыл әрекеті оның көзқарасын анықтайды.

Өміріңізді өзгертуге берілген жалғыз мүмкіншілік – өзіңіздің көзқарасыңызды өзгерту.

Жеке басыңды жетілдіру

Егер өзіңізді өзгертпесеңіз, онда қолыңдағы барыңмен қаласың.

Өмір – «бірдемелер жетіспейді» және «осыларды қалай табамын»-ың ерекше үндесуі, сондықтан – біз анаған да, мынаған да бірдей көңіл бөлуіміз қажет.

Өзіңіздің қалпыңызды және іс-әрекетіңізді анықтау үшін: «Мен қанша аламын?» емес, керісінше: «Менің қолымнан не келеді?» деп сұраңыз.

Байдың баласы бай мұраға ие бола алмағаны өкінішті-ақ. Егер өзіңіз оның қаталығын қайталамай, белгілі табысыңыз болса ғана оны мүсіркеуіңіз орынды.

Біз қазіргіден де көп нәрсеге ие болуымызға болады, себебі өзімізді жетілдіре отырып деңгейімізді де көтере аламыз.

Жетекші болу / адамдарды басқару

Жетекшінің қасиеті – қатал болу, бірақ дөрекі емес; қайырымды болу, бірақ әлсіз емес; сенімді болу, бірақ көкіректі керу емес; ойлай алу, бірақ жалқау емес; қарапайым болу, бірақ ұяң емес; табанды болу, бірақ дандайсымау; әзілің жарасса, атаңмен ойнай білу, бірақ шектен шықпау.

Кей-кездерде кімге ең қажет, соның көзін соңынан әзер жеткізесің.

Мені тәрбиешім: «Бар ананы істеп таста» деп емес «Кел осыны бірігіп істеп тастайық» дейтін. Егер де біреу: «Кел бірігейік!» деп айтқанының өзі керемет емес пе.

Іскер қабілеттері бар адамдар баршылық. Оларды да өзгерту қажет. Жақында хабарландыру оқыдым: «Біз қызметкерлерімізді жақсы болуға үйретпейміз. Біз тек жақсы қызметкерлерді жалдаймыз». Керемет, қысқа да нұсқа!

Жетекшінің басты қасиеті – нашар істеп жатқандардың жақсы істеуіне көмектесу, жақсы істеп жатқандардың одан әрі тамаша істеуіне жәрдемдесу.

Егер сіз жақсы ойды біртіндеп дамыта берсеңіз, онда ол ақылды, парасатты адамдардың санасына ұялайды.

Жетекшілік – өзіңді-өзің жоғары деңгейге көтеру үшін жекпе-жекке шақыру.

Жетекшілір – жанұяда, бизнесте, өкіметте, оқу саласында т.б. болмасын өзінің тәртібімен және мәнерімен қателік жіберуі тиіс емес.

Жетекшілер – өздерінің ішкі қарама-қайшылықтарын жайма-шуақтандыра алуы шарт. Бұлай ете алмаса осы келеңсіздік олардың тағдырын түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін.

Адамдарға тек қана жұмыста емес, өмірде де көмектесуге үйреніңіздер.

Жетекшілерді тәрбиелегенде мынадай ереже бар. Қырандардың мектебіне үйректерді жібермеңіздер – көмектеспейді. Оқуды бітірген үйрек, бірінші кездескен қоянды дос қылып алады.

Іс-әрекет/ жұмыс

Өмір қажеттілігіңе емес, сіңірген еңбегіңе жауап береді. «Егер сізге бірдеме қажет болса, онда осыны алыңыз» емес, керісінше: «Сіз сіңірген еңбегіңізге қарай, керегіңді аласыз».

Басты мақсаттан емес, күнделікті күйбің тіршіліктен босаңсыңыз.

Демалыстың жалғыз ғана пайдасы – күш, қуатыңды толықтыру.

Жер айтады: «Маған өздеріңнің қалауларыңды емес, тұқымдарыңды себіңдер».

Жұмыс істегенде түбін түсіріңіз, дем алғанда шарықтап шаттықтаныңыз. Бірақ осы екі түсінікті былықтырып алмаңыз.

Сіз өзіңіздің даналығыңызды және жұлқынған сезіміңізді нәтижелі іс-әрекетке айналдыра білуге үйреніңіз.

Жұлқыныс / Құлшыныс

Адамдардың не қаласа соны ала алатын керемет мүмкіншіліктері бар. Бірақта «қалау» мен «керектінің» арасында айырма бар.

Ең жақсы құлшыныс өзіңді-өзің жігерлендіру. Кейбіреулер айтады: «Мені біреу келіп дұрыс арнаға бұрып жіберсе екен» – деп. Егер ондай адам келмесе? Тәп осы кезде іс-әрекеттің нақтылы бағдарламасы пісіп жетіледі.

Егерде не қажет екенін анық біліп, тезірек аяқталуын тілесең, осыған апаратын әдісті қайтсең де табасың.

Жәй ғана құлшынып қоюың жеткіліксіз. Егер де ақымақ болуға құлшынсаң, онда аузынан көбігі аққан жындысүрейдің өзі болып шыға келесің.

Егер тапқың келсе ізде. Тамаша ойлар бізге сирек соғады.

Өте қажеттілігін сезінбесең, құлшынысың да құлдырайды.

Ілім / Білім

Пайымдау – молшылықтың бастауы. Пайымдау – денсаулықтың бастауы. Пайымдау – рухани ашылуыңның бастауы. Пайымдау мен іздену – бастаудың қайнар көзі.

Жәй ғана білім алу күнкөрісіңе көмектеседі. Өз бетіңше біліміңді жетілдіру –табысқа әкеледі.

Біз біліміміз тартымды болып мақсатымыздың іске асуына әсер ететіндей етіп қолдануды үйренуіміз қажет.

Оқылмаған кітапың ешқандай да пайдасы болмайды.

Егер де жаман жолда сүрінсеңіз, екінші бұл жолмен қайта жүруге құлшынысыңыз болмайды, сондықтан бағытыңызды өзгертуді дағдыға айландырасыз.

Кейбіреулердің аз оқитындықтары сонша, ойлары ойнамалы болады.

Егер бір табақ ет пен кітаптың біреуін ұсынса, таңдауыңыз кітапқа түссін.

Адам ойының ұлылығы – шексіздік пен ғажайыптылығында.

Санаңа да тәніңе бергендей жақсы, құнарлы қорек бер.

Сізге қажетті нәрселер – табыс, жақсы тұрмыс, айқын болашақ бәрі де кітаптарға жазылып қойған. Не істеу керек деп ойлайсыз ғой? Америка халқының тек 3 пайызында ғана кітапхана билеті бар. Керемет, олар бай шығар! Жоқ – олар еркін, азат. Мүмкін, сізді қоршап тұрған осы үш пайыз шығар!

Надандық – жақсы емес.
Надандық – кедейлік.
Надандық – құлдырау.
Надандық – қасірет.
Надандық – ауру.
Барлық келеңсіздіктің бастауы – надандық.

Нәтиже / Табыс

Табысты қумаңыз – өзіңіз, тартатын тұлғаға айналуға тырысыңыз.

Әр күннің қортындысын ойша ой елегінен өткізіңіз. Осының барысы қуантады немесе іс-әрекетке қамшылайды.

Менің мақсатым – нақтылы кеңесті, нақтылы нәтижеге айландыру. Басқаларды әр түрлі пәндерге үйрететін мұғалімдер бар. Бұл мен емес. Басқаларды нақтылы нәтижелерге жетуді үйрететін мұғалімдер бар. Бұл мен.


Егер де біруақытта әр түрлі заттарға көңіл бөлсеңіз, нәтижесі онша болмайды. Егер де белгілі ғана нәрсеге көңіл аударсаңыз, керемет нәтиже алатын боласыз.

Табыс – қолымыз жеткені емес, нәтижесінде кім болатынымыз.

Кейбір заттың қалай әрекет ететінін білмеген жақсы. Ең бастысы – олар бар. Біреулер өсімдіктің құрылымын зерттесе, келесілері өнімдерін жинайды. Барлығының нәтижесі өзіңізге қажетті нәтижеге ғана келіп тоғысады.

Өнім жинау – пісіп жетілудің шыңы. Егер өскіндері ұсақ болса немесе ірі болса да өкінбей жинауды үйреніуіміз қажет.

Мақсатты қоя білу – табыстың бөлінбес бөлшегі.

Табыстың 20 пайызы сіздің тәжірибеңіз бен шеберлігіңізден, ал 80 пайызы таңдаған басты бағдарламаңыздан (стратегия) тұрады.

Менің байқағаным, елдің бәріне кедейшіліктен қалай құтылуға болады деп түсіндіргеннен гөрі, баю оңай.

Мақсат / Жоспар

Мақсаттар. Егер белгілі мақсатың болып, осыны қайтсем де іске асырам деп құлшынып, сеніп тұрсаң, сіздің қабілетіңіз туралы әңгіме қозғаудың өзі артық.

Әрқашанда алғашында себеп, соңынан салдар болады.

Болашаққа екі көзқарас бар. Біріншісі қауіптеніп, екіншісі үміттеніп қарау.

Бір адам айтады: «Мен сияқты жұмыс істеп үйіңе кеш келсең, тамақ ішесің, теледидар көресің, шаршап барып ұйықтауға жатасың. Сіз өзіңіздің болашағыңызды жоспарлай, жоспарлай беруге уақытыңыз да болмайды». Бұл адам жоқшылықтың шырмауынан шыға алмай, қарызға белшесінен батып жүрген адам.

Мені таңқалдыратын нәрсе адамдар, өздерінің өмірін емес, кезекті еңбек демалыстарын мұқият жоспарлайды. Мүмкін бірдемені өзгерткеннен де, бас қатырмау қарапайым шығар.

Егер де сіз алдыңызға қойған мақсаттарды іске асыра бастасаңыз, мақсаттар сіз үшін жұмыс істей бастайды. Егер де ойлаған жоспарды іске асырсаң, онда осы жоспар сіз үшін жұмыс жасайды. Қандай да болмасын пайдалы әрекетті іс жүзіне асырмайық, аяқтап келгенде осылардың бәрі де сіз үшін қызмет атқарады.

Уақытша қиыншылықтарды жеңу үшін, болашаққа деген мақсатымыз болуы қажет.

Біз күнделікті қызығушылқтарымыздан сақтануымыз керек, себебі болашақты бұлдырлатып жібереді.

Бәрімізде де екі-ақ таңдау бар – жәй ғана күйбің тіршілік кешу немесе өз өміріміз бен тағдырымызды өзіміз құру.

Уақыт / Уақытты бөлу

Уақыт – біздің басты құндылығымыз. Бірақта осыны өзіміздің мақсаттарымыз үшін қолданғанның орнына: текке өлтіріп, рәсуә қылып босқа өткізіміз.

Біз негізгі уақытымызды ұсақ-түйекке емес, керісінше негізге мақсатқа бөлуіміз керек.

Мен естіген жинақталудың жақсы анықтамасы: «Қайда қаңғалақтамасаң да, белгіленген жерде болыңыз».

Сізге сағатқа төлемейді, осы аралықта құрған құндылығыңызға төлейді.

Уақыт ақшадан да қымбат. Сіз көп ақша алуыңыз мүмкін, бірақта берілген уақытты ұзарта алмайсыз.

Егер қағаз бетіне бүгінгі күнгі жоспарыңызды түсірмесеңіз, онда тіршілігіңізді қоя тұрыңыз.

Өмір қағидалары

Жетіспейтін жоққа емес, қолдағы барыңа қанағат етіп бақытты бола білуді үйреніңіз.

Бақыт – сәттілік не қалауың емес. Бақыт – өз қолыңмен құрған, жасаған нәрсең.

Өзің өмірден өткеннен кейін қалатын үш затың бар – фотосуреттеріңіз, кітапханаңыз, және жазған жазбаларыңыз. Бұлардың бәрі болашақ ұрпақ үшін, жиған дүниеңнен де маңызды.

Адамға қай уақытта алғыс білдіруге болады? Әрине алдын ала. Өзін бағалай білген адам майда-шүйдеге көңіл аудармайды, қолы ашық болып өзін де бағалата алады.

Өзіңізге емес – басқалардың өз өмірлерін қысқа өткізуіне жетекшілік құқын беріңіз. Өзіңізге емес – басқалардың ұсақ-түйекке бола дауласуына құқық беріңіз. Өзіңізге емес – басқалардың жоқтан өзгені уайымдауына құқық беріңіз. Өзіңізге емес – басқалардың өздерінің болашақтарын біреудің қолына беру құқығын беріңіз.

Бизнес (мәнсап) / нарықтық қатынас

Мені әкем – болашақта қиналмауым үшін, төлегеннен артық жұмыс істеуді үйретті.

Егер сіз тек қана сатсаңыз, өлмес тіршілігіңізді ғана көресіз. Егер де сатқанда уақытыңыздың, ықыласыңыздың бір бөлігін тұтынушыларға бөліп, олармен қарым-қатынасыңыз сапалы болса, онда өзіңізді тұрақты кіріспен қамтамасыз ете аласыз.

Сіздің жұмысыңыз бен бизнесіңіз өзіңізге әсер етпесін, керісінше өзіңіз осы екеуіне әсер етіңіз.

Жұмыстан ләззат алатындар, бұлардан ләззат ала алмайтын адамдардан көш ілгері.

Жарнамаға жіберген 10 000 долларыңнан гөрі, өзіңіз шын қамқорлығыңызға алған бір тұтынушы артық.

Өзіңіздің нарық алаңы мен бизнесіңізге шырғалаңдарыңызды емес, шеберлігіңізді әкеліңіз. Егер нашар сезінсеңіз әріптесіңізге емес, дәрігерге барыңыз. Егер ақша керек болса, бизнестегі бәсекелесіңе емес, банкке барыңыз.

Шешім қабылдау (табандылық) / Сұраныс

Ішіңдегі азамат соғысынан кейін ғана соңғы шешімді қабылдайсыз.

Сіздің қажеттілігіңіз соңғы нәтиженің ағымының бастауы. Міндетті түрде мұхиттан қасықпен қалқып алып жатқан жоқсыз ба, соны тексеріңіз. Балаларға күлкі болмас үшін, жоқ дегенде шелек алыңыз.

Өмірде сіңірген еңбегіңнен артық затты кездейсоқ алып қойсаң жақсы емес. Барға қанағат қылыңыз. Қанағат қылушылар өздерінің өмірлеріне молшылық әкелетін ойдың, идеялардың терезелерін аша алады.

Шешім қабылдау да даналық. Оны: «Бұл шешілді» деп айтуға болады. Мақсатқа ұмтылған адам: «Мына таудың шыңына көтерілуге қия-жартастары бөгет. Бірақ бұл менің тауым. Мен қайтсем бағындырамын. Шыға алмай мерт болып кетпесем, таяу арада осы шыңның басынан қол бұлғағанымды көресіздер».

Дағды / Түбегейлі білім

Табыс – сиқыр да , тылсым да емес. Табыс – өзіңнің түбегейлі біліміңді біртіндеп қолданудың нәтижесі.

Өміріңіздің 80 пайыз құбылысын анықтайтын сансыз заттар бар.

Жеңілге ұмтылмаңыз; жақсы жаққа ұмтылыңыз. Шырғалаңдарды ескермеуге тырыспаңыз; өзіңіздің дайындығыңыздың деңгейін көтеруге тырысыңыз. Қиыншылықтардан қашқалақтамаңыз; кемеңгерлікке ұмтылыңыз.

Өзіңіздің қажеттілігіңізді жасырып, мүмкіншілігіңізді көрсетуге үйреніңіз.

Табыс – күнделікті қадағалайтын бірнеше қарапайым ережелер, сәтсіздік – күнделікті қайталанатын қарапайым қателіктер. Осы екеуі не шыңға шығарады, не жарға жығады.


Көзқарасты өзгерту / Шешім қабылдау

«Қолымнан келсе істер едім» деп айтпаңыз, керісінше «Мүмкіншілігім болса істеймін» деп айтыңыз.

Біздің көзқарасымыз өміріміздің бағытын анықтайтын желкен. Осы бағытты өзгерту үшін біз жағдайды емес, көзқарасымызды өзгертуіміз қажет.

Мен бұрын айтатынмын: «Бәрі де өзгереді деп үміттенемін», бәрі өзгеру үшін алдымен – өзімнің өзгеруімнің қажет екенін кейіннен түсіндім.

Егер сіз ерекше жағдайға баруға тәуекел етуге дайын болмасаңыз, онда қарапайымдылықты қайталай берудің қажеті жоқ.

Біз өзімізді екі жағдайда: не құлшынғанда не тығырыққа тірелгенде ғана өзгертеміз.

Бірдемеге қол жеткізу үшін, сол деңгейдегі тәуекелге баруға тиіспіз.

Егер де өзіңіздің тұрған орныңыз қанағаттандырмаса, онда күрт өзгертіңіз! Сіз қаққан қазық емессіз ғой!

Қауіптену / Күдік / адамның келеңсіз жақтары
Көптеген адамдардың қалауының орындалмау себебі – салақтық. Салақтық жұқпалы ауру сияқты, соңынан созылмалы ауруға айналып кетеді.

Біздің бәріміз де немқұрайлыққа қарсы жанталаса қарсылық білдіріп, өзіміздің өміршеңдігімізді жоғары деңгейде ұстауымыз қажет. Егер де бойкүйездік танытсақ, онда келеңсіздік билеп алып, барлық құндылықтарымыздан айрыламыз.

Егер де сіз 5 минут шағымдансаңыз, 5 минут жоғалтасыз. Егер де үнемі ыңырсып шағымдана берсеңіз, ақша табудың орнына, қалған өміріңізді жоқшылықты айтып ыңырсумен өткізесіз.

Мойынсұну – жетістік; ынжықтық – келеңсіздік.

Сауысқандай сақ болудың кедейшілікке апаратын қасиеті бар.

Әсер / қоршаған ортамен қарым-қатынас
Әсердің күші өзіңіздің айтқан барлық сөзіңізге қарай өзгеруіңізде жатыр. Сөз мазмұныныа қарай әсер етеді. Жүректен жұлқынып шыққан сөздің әсері керемет болады.

Өзіңізге кері әсер ететін адамдармен араласпаңыз. Сіз жетілмейсіз. Өзіңіздің деңгейіңізді көтеру үшін өздеріне талап қоя алатын, рухы жоғары адамдармен араласыңыз.

Әсердің екі қасиеті бар. Біріншіден, әсер – алапат құрал. Екіншіден, әсер өте нәзік құрал. Сіз біреудің қыспағына түсуіңіз мүмкін, оған аздап қана байқамай берілуіңізге де болады.

Басқалардың білім деңгейі туралы түсінігіңіз болсын, осыны бойыңызға сіңіріңіз, бірақта іс-әрекеттеріңіз өзіңіздің ақыл-ойыңыздың нәтижесі болсын.

Іскерлік қарым-қатынас / Сендіру
Өзіңіз білмейтін нәрсе туралы айта алмайсыз. Өзіңіз сезініп көрмеген сезіммен бөлісе алмайсыз. Жоқ сөзді аудара алмайсыз. Жоқ нәрсені бере алмайсыз. Осыларды беру үшін, бұларды табу қажет. Жақсы іскерлік қарым-қатынас үшін жақсы дайындық қажет.

Жақсы іскерлік қарым-қатынастың мақсаты – сіздің тыңдаушыңыз: «Бұл не?» деудің орнына «Мен келісемін» деуі керек.

Қарым-қатынасыңыз жақсы болсын десеңіз, қысқа да нұсқа сөйлеңіз.

Бұл менің білімімнің ұшпағы ғана деп айтқанда ғана әсерлі болады.

Егер сіз жай ғана аралассаңыз тек қана нәтиже аласыз. Бірақта ақылмен қарым-қатынас жасасаңыз ғажайып жасай аласыз.

Балалар
Балалар әуесқой болады. Үлкендер байқамай құмырсқаны таптап кетсе, балалар үңіліп қарайды, білуге тырысады.

Балаларда екі велосипед болуға тиіс: біреуі өзі тебу үшін, екіншісі жалға беру үшін.

Әрине, балалар салық төлер еді. Кішкентай Джонниден сұраңызшы, өзінің велесипедімен шалшықта емес, тратуарда тебетін мүмкіншілігі болғанда, тәтті сатып алғанда қосымша 3 цент төлер ме еді.

Балалар еш уақытта қабілеттен кемшілік көрмейді, ал мұғалімдер....

Мән-мағынасы, құны жоқ әңгімеге уақытты рәсуа қылмаңыз. Өмірге пайдасы бар тақырыпта ғана сөйлесіңіз. Сондықтан да біз балаларымызды таңдай білуге және талғампаздыққа үйретуіміз қажет.

Қаржы / молшылық
Кедей адамдар жұмсағандарынан қалғандарын сақтап қояды. Бай адамдар жинағандарынан қалған ақшаларын жұмсайды. Әңгіме – сол белгілі бір ақша мөлшерінде болып отыр – тек философиясы әр түрлі.

Қаржы тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін, сіз өзіңіздің кірісіңіздің белгілі мөлшерін қорға айналдырыңыз; қорды кәсіпорынға; кәсіпорынды кіріске; кірісті инвестицияға, ал инвестицияны (құйған қаржыңызды) қаржы тәуелсіздігіне айландырыңыз.

Егер де сіз 40-50 жасқа толғанда қаржы тәуелсіздігене қолыңыз жетпесе, онда сәтсіз елде тұрғаныңызды және сәтсіз уақытта өмір сүріп жатқаныңызды білдірмейді. Бұл дегеніңіз – сіздің іс-әрекетіңіздің жоспарының дұрыс еместігінің көрсеткіші.

Бұрын айтатынмын: «Көптеген заттар тым қымбат». Менің ұстазым: «Мәселе заттың қымбаттығында емес. Мәселе сенің сатып алуға шамаң келмейтігінде» – деді. Сол кезде мәселенің бәрі өзімде екенін түсіндім.

Қарым-қатынас
Жақсы қарым-қатынас өмірдің аса құндылығы болып табылады.

Сіздің жанұяңыз бен сіздің сүйіспеншілігіңіз күтімді қажет ететін бау-бақша. Осыны сақтау және гүлдеп хош исті болуы үшін қажетті жағдай, белгілі уақыт пен күш-қайрат керек.

Кімге болмасын жасай алатын ең үлкен сиыңыз – бұл өзіңізді тұлға ретінде жетілдіре білу. Мен бұрын айтатынмын: «Егер сіз маған ілтипат білдірсеңіз, мен де сізге мұқият боламын». Қазір мен былай деп айтамын: «Егер сіз мен үшін өзіңізге мұқият болсаңыз, мен де өзіме сіз үшін мұқият боламын».

Өзіміздің қапалануымызды көрсетпеу үшін қоршап алған қорғанымыз, біздің қуанышымызды да көрсетпей қояды.

Сіз өзіңіз үшін мұрагер бола алмайсыз. Өмірден безген бай адамды табу өте күрделі.

Жігерлену
(«Табысқа ұмтылу» семинарларының материалдары)

Жігерлену – тылсым... Неліктен кейбір сатушы өзінің күндік жоспарын таңғы 7-де жасайды, ал енді біреуі күндізгі 11-де ұйқысынан оянады? Мен білмеймін. Бұл да өмірдің бір құпиясы.

Мыңдаған адамдарға арналған лекция болып жатыр. Лекция аяқталғанда бір адам: «Мен өмірімді өзгертуге тырысамын» десе, екінші адам есінеп тұрып: «Мен бұның бәрін естігенмін» дейді. Неліктен бұлай болады? Екеуінің де тыңдағаны бірақ нәрсе ғой. Бұл да өмірдің басқа құпиясы.

Миллионер мыңдаған адамдардың алдына шығып: «Мен осы кітапты оқып шықаннан кейін, бұл кітап менің табысқа жетуімнің бастауына айналды. Осы кітапты қатысып отырған қанша адамның оқыйтынын білесіз бе? Бірен-саран. Бұл таңқаларлық жағдай емес пе? Неліктен әркім осы кітапты қолданбайды? Бұл да өмірдің бір құпиясы.

Мен осы 90 пайыз жалқаулардан ат кекілін кесуге кеңес беріп, нақтылы жұмыс жасайтын 10 пайыз адамдарға қосылуыңызды қалар едім.